Түркияға құрғақшылық қаупі төніп тұр
Ыстамбұл маңындағы теркос бөгетінің суы тартылып барады. Салдарынан, су қоймаларының деңгейі төмендеп кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұған жауын-шашынның әдеттегіден аз түскені де себеп, дейді метео-рологтар. Мәселен, соңғы 11 айда орташа көрсеткіштен 23 пайызға аз жаңбыр жауған. Бұған, әсіресе, ауыл шаруашылығымен айналысып отырған шаруалар алаңдап отыр.