Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » БҰҰ: Әлемде азық-түлік бағасы өсті

БҰҰ: Әлемде азық-түлік бағасы өсті

Әлемде соңғы 4 айда азық-түлік бағасы біршама өскен, деп хабарлайды «Хабар 24».
Бұл туралы БҰҰ-ның Азық-түлік және ауыл шаруашылық ұйымы хабарлады. Мәліметке қарағанда, биыл қаңтар айында бұл көрсеткіш былтырғы желтоқсан айымен салыстырғанда 0,7 пайызға көтерілген. Азық-түлік өнімдерінің ішінде ең көп қымбаттағаны өсімдік майы, қант және астық. Мысалы, өсімдік майы соңғы айда 7 пайызға артса, қант 5,5 процентке, ал астық 2,9 пайызға қымбаттаған.
Бұдан бөлек, сүт өнімдері 0,9 процентке, ал ет 4 пайызға өскен. Мамандар бұған мемлекеттер арасындағы сауда текетіресі, кей елдердегі экономикалық дағдарыс және Қытайдағы коронавирус сынды жағдайлар себеп дейді.
08 ақпан 2020 ж. 1 071 0