Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Нұрқожа Қайпанов – әлем чемпионатының күміс жүлдегері!

Нұрқожа Қайпанов – әлем чемпионатының күміс жүлдегері!

Астана төрінде өткен күрестен әлем чемпионатында 74 келі салмақ дәрежесінде белдескен Нұрқожа Қайпанов күміс медаль иеленіп, еліміздің мерейін үстем етті!

Еркін күрестен финалға дейін төрт қарсыласын айқын басымдықпен жеңген балуанымыз өзінің жоғары шеберлігі мен қайсар мінезін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Нұрқожа – 2024 жылғы әлем чемпионы, 2019 жылғы әлем чемпионатының күміс және 2025 жылғы қола жүлдегері. Бүгінгі жеңісі – спортшының толайым табыстарының тағы бір жарқын жалғасы.

Айта кетейік, Нұрқожа Қайпанов Аралдың тумасы. Осындай халықаралық деңгейде ел намысын абыроймен қорғап, биік белестерді бағындырып жүрген жерлесімізді мақтан тұтамыз!

Чемпионға толағай табыс, алдағы жарыстарда жарқын жеңістер тілейміз!
Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі
02 қараша 2026 ж. 52 0