Толқын » Спорт » Темірлан Анарбековтің сейві УЕФА үздіктері қатарына енді
Темірлан Анарбековтің сейві УЕФА үздіктері қатарына енді
«Қайрат» қақпашысы Темірлан Анарбековтің «Аталантаға» қарсы ойында жасаған нәтижелі сейві УЕФА-ның Конференция лигасы бойынша үздік жеті құтқару әрекетінің қатарына енді, деп хабарлайды. egemen.kz Сурет: ФК Қайрат УЕФА үшінші турдың үздік сейвтерін іріктеп, олардың қатарында қазақстандық қақпашының шеберлігін де атап өтті. Ойынның бірінші таймында Темірлан Анарбеков ағылшын футболшысы Джонатан Роудың алыстан бағыттаған күрделі соққысын қайтарып, командасын голдан сақтап қалды. УЕФА баспасөз қызметі әлеуметтік желідегі жазбасында үздік сейв жасаған жеті қақпашыны атап, жанкүйерлерге олардың қайсысы ең үздік болғанын таңдауды ұсынды. Үміткерлер қатарында Анарбековпен бірге Бакхаус, Ройс, Кокубо, Лундин, Дроммель және Хэнкинс бар. Айта кетейік, Бергамода өткен «Аталанта» мен «Қайрат» арасындағы кездесу 1:1 есебімен аяқталды. Матчтың 53-минутында испаниялық Маорк Гуаль алматылық клубты алға шығарса, 82-минутта черногориялық Никола Крстович есепті теңестірді.