Биржада алтын бағасы арзандады
Сауда деректеріне сәйкес, Нью-Йорктегі Comex биржасында алтынның желтоқсан айындағы фьючерс бағасы бір трой унция үшін 56,03 долларға немесе 2,53 пайызға арзандап, 4057,47 долларды құрады.
Жұма күні кешке халықаралық биржада алтын бағасы 1 пайыздан астам төмендеді. Дегенмен бағалы металл соңғы үш аптадағы құлдыраудан кейін аптаны өсіммен аяқтауға жақын. Бұл туралы BAQ.KZ «Прайм» агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Сауда деректеріне сәйкес, Нью-Йорктегі Comex биржасында алтынның желтоқсан айындағы фьючерс бағасы бір трой унция үшін 56,03 долларға немесе 2,53 пайызға арзандап, 4057,47 долларды құрады.
Күмістің желтоқсан айындағы фьючерстері де 1 пайызға төмендеп, бір унциясы 51,85 доллар болды.
Соған қарамастан, апта басынан бері алтынның бағасы шамамен 4 пайызға, ал күмістің құны 5,8 пайызға өскен.










