Аққұмда ұлттық спорт түрлерінен сайыс өтті
kyzylorda-news.kz Ауыл шаруашылығы саласының көрнекті ұйымдастырушысы, Ұлы Отан соғысының ардагері, Социалистік Еңбек Ері Алдаберген Бисеновтің туғанына 100 жыл толуына орай Жалағаш ауданы, Аққұм ауылындағы «Бағдаулет» ипподромында ұлттық спорт түрлерінен сайыстар мен ат жарысы ұйымдастырылды.
Іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Ғани Сүлейменов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Садық Әлиев, ақсақалдар кеңесінің төрағасы Асылбек Тәуіпбаев қатысып, мерейтойлық шараның маңыздылығына тоқталып, спортшыларға сәттілік тіледі. Сонымен қатар, елге еңбегі сіңген тарихи тұлғаның өнегелі өмір жолын атап өтіп, кейінгі ұрпаққа насихаттау бағытындағы бастамалардың маңызын атап өтті.
Алдаберген Бисенов – саналы ғұмырын туған жерінің өркендеуіне, ауыл шаруашылығының дамуына және ел игілігі жолындағы еселі еңбекке арнаған тарихи тұлға. Соғыс жылдарындағы жауынгерлік ерлігі мен бейбіт кезеңдегі қажырлы қызметі арқылы халық құрметіне бөленген қайраткердің өмір жолы – отаншылдықтың, табандылықтың және адал еңбектің жарқын үлгісі. Оның ел алдындағы еңбегі мен азаматтық болмысы бүгінгі ұрпақ үшін құндылығын жоймайтын рухани мұра болып қала бермек.
Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерге Алдаберген Бисенов атындағы арнайы қаржылай жүлде қоры табысталды.