Өзбекстан мақта жинаудан тарихи рекорд орнатты
Өзбекстан тәуелсіздік алғалы бері алғаш рет 5 млн тоннадан астам мақта жинады. Бұл туралы ел президенті Шавкат Мирзиёев ауыл шаруашылығы қызметкерлерін рекордтық көрсеткішпен құттықтау кезінде мәлімдеді, деп хабарлайды egemen.kz

Соңғы жылдары елде мақта өнімділігі айтарлықтай артқан. Атап айтқанда, әр гектардан алынатын өнім көлемі 21 центнерден 56 центнерге дейін өскен.
Биыл шамамен 400 мың гектар алқапта орташа өнімділік 70 центнерді құрады. Ал тағы 70 мың гектарға жуық жерде әр гектардан 100–110 центнер мақта жиналған.
Мемлекет басшысының айтуынша, жүргізілген реформалардың нәтижесінде мақта теріміне мұғалімдерді, студенттерді және бюджеттік ұйымдардың қызметкерлерін мәжбүрлеп тарту тәжірибесі жойылған.








