Қызылорда облысының күріш өсірушілері жаңа рекорд орнатты
Қызылорда облысының күріш өсірушілері күріш өнімділігі бойынша жаңа рекорд орнатты, деп хабарлайды Egemen.kz облыстың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Биыл Қызылорда өңірінде суармалы су тапшылығы бұрынғыдан да өткір болып отыр. Бірақ суармалы суды тиімді пайдаланудың арқасында уақытылы қабылданған шаралар залалды азайтуға мүмкіндік берді.
Сонымен қатар облыс аграрийлері биыл жақсы өнім жинап қана қоймай, күріштің шығымдылығы мен жалпы түсімі бойынша рекорд орнатты, орташа есеппен 1 гектардан 61,8 центнерден күріш жинап, осылайша, ел қоймасына 551 мың тонна күріш салды.
Еске сала кетейік, 2019 жылы Қызылорда облысының аграрийлері 1 гектардан орта есеппен 60,3 центнерден күріш жинап, күріш дәнінің жалпы өнімін 530,5 мың тоннаға дейін жеткізуге мүмкіндік берді.
egemen.kz