Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жиырма тоғызыншы мамырға арналған металл және мұнай бағамдары

Жиырма тоғызыншы мамырға арналған металл және мұнай бағамдары

Жиырма тоғызыншы мамырға арналған металл және мұнай бағамдарының бағасы анықталды.
Мұнай: Сейсенбі күні АҚШ президенті Дональд Трамптың мәлімдемесі аясында эталондық маркалардың мұнай бағасы көтерілді. 23:07-тегі жағдай бойынша ICE Futures Лондон биржасында Brent маркалы мұнайға шілде фьючерстері 0,10%-ға, барреліне 70,18 долларға дейін қымбаттады. Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX)WTI мұнайының шілде фьючерстерінің бағасы 1,52%-ға, 59,52 долларға дейін көтерілді.
Металдар: 23:08-де алтынға арналған маусым фьючерсінің бағасы 0,48%-ға арзандап, бір троялық унциясы 1 277,4 долларға сатылды. Күміске фьючерстің құны 0,22%-ға төмендеп, бір троялық унциясы 14,32 долларға сатылды.
Криптовалюталар: Coinmarketcap.com порталының мәліметтері бойынша 23:11-де bitcoin 8 666,72 долларға сатылды. Соңғы 24 сағатта бірінші криптовалюта 1,23%–ға арзандап, ал оның капитализациясы 153,6 млрд долларды құрады. Осы уақытта Ethereum құны 0,34%–ға көтеріліп, 271,03 долларға сатылды. Бұл криптондық валютаның капитализациясы 28,79 млрд долларды құрады.
https://7kun.kz
29 мамыр 2019 ж. 839 0