АСТАНА. ҚазАқпарат - Лондон және Нью-Йорк шикізат биржаларындағы сейсенбі күнгі сауда-саттықта мұнай бағасы көтерілді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.Лондонның ICE Futures биржасында маусым айында жеткізілетін Brent маркалы мұнай фьючерстері 0,48 долларға дейін қымбаттап, бір баррель мұнайдың бағасы 68,12 доллар болды. Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) WTI маркалы мұнайдың мамыр айында жеткізілетін фьючерстері 0,5 долларға көтеріліп, бір баррельдің бағасы 63,51 долларды құрады. inform.kz