Теңге едәуір нығайды

Дүйсенбі күнгі саудамен салыстырғанда доллар бағамы 1,85 теңгеге төмендеген. Сессия барысында ең төменгі курс 1 долларға 319,32 теңге, ал ең жоғарысы 320,1 теңге деңгейінде болған. Сауда көлемі 88,65 млн долларға жетті. Айта кетейік, бір күн бұрын доллардың орташа бағамы таңғы сессия қорытындылары бойынша 1 долларға 321,45 теңге, күндізгі сессияда - 321,15 теңге, екі сессияның қорытындылары бойынша 321,26 теңге болған. Сауданың жалпы көлемі 128,95 млн долларды құраған.