Мұнай бағасы қымбаттады

Сауда қорытындысы бойынша, Brent маркалы мұнай бағасы сәуірдегі жеткізілімдер бойынша, Лондонның ICE Futures биржасында 0,19 долларға қымбаттап, бір баррель мұнай 67,5 долларды құрады. Ал WTI маркілі мұнай бағасы Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) сәуірдегі жеткізілімдер бойынша, 0,36 долларға қымбаттап, бір баррель мұнай 63,91 доллар болды.
inform.kz