Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Сенат Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы хаттаманы ратификациялады

Сенат Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы хаттаманы ратификациялады

Бүгін ҚР Парламенті Сенатында Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы табыс пен мүлікке қосарланған салық салуды болдырмау және салық төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы екі ел арасындағы хаттаманы ратификациялады, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов хаттаманы таныстырды.
«Біріншіден, ақпарат алмасуды кеңейту жолымен екі мемлекеттің салық қызметтерінің ынтымақтастығын дамытуға; екіншіден, салықтан жалтарулар мен Конвенция ережелерін теріс пайдаланулар болған кезде ішкі заңнаманы қолдануға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, Хаттамада «Қазақстан» және «Әзербайжан» терминдеріне өзгерістер енгізілді, салықтардың атаулары жаңартылды, уағдаласушы мемлекеттердегі резиденттікті анықтауды реттейтін баптың ережелері нақтыланды және басқа да өзгерістер енгізілді. Екі мемлекет арасында салық салу мәселелерінде заңнамалық база ретінде осы Хаттаманың рөлі маңызды екенін атап өткім келеді», - деді Бақыт Сұлтанов.
Ол Әзербайжанмен өзара сауда-саттық туралы статистикалық деректерге тоқталып өтті.
«Соңғы 10 жылда Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы тауар айналымы 3,2 млрд АҚШ долларын құрады. Қазақстандық экспорттың негізгі баптары бидай, битум тектес түрлерінен алынған шикі мұнай өнімдері және темірден жасалатын тегіс илем болып табылады. Импорт құрылымында қант, орман жаңғақтары басым. Соңғы 10 жылда Әзербайжаннан Қазақстан Республикасына инвестициялар 168,7 млн АҚШ долларын құрады. Хаттаманы іске асыру мемлекеттік бюджеттен қаржылық шығындарды талап етпейді», - дейді Қаржы министрі.

Baq.kz
15 ақпан 2018 ж. 1 233 0