Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңа салық заңы: Пәтерді жалға берушілер енді қанша салық төлейді?

Жаңа салық заңы: Пәтерді жалға берушілер енді қанша салық төлейді?

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген жаңа Салық кодексі бойынша пәтерді заңды түрде жалға беру тиімді болмақ. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Руслан Дәленовтың мәлімдеді, деп xабарлайды Baq.kz тілшісі.
“Жаңа Салық кодексі бойынша пәтерді заңды түрде жалға беру тиімді болады. Бұрын табыстың 2 пайызын төлеу қажет болса, енді мөлшерлеме екі есе азайды. Бұл - шағын бизнес үшін патент режимі”, - деді ҚР Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Руслан Дәленов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслиxатында.
Вице-министр салық төлеуден қашқан кезде тек мемлекет емес, ақшаны қарапайым халық жоғалтатынын айтты.
“Салықтан жалтарудан министрлік, бюджет қана емес, ақша жоғалтатын - сіз бен біз. Себебі бұл ортақ ақша, елдің ақшасы. Салықты құрайтын біздің қоғам. Патент бойынша салық мөлшерлемесі екі есе азайса, бұрын мұны қымбат деп санайтындар үшін бұл енді айтарлықтай қымбат болмайды. Алдымызда есеп беру, анықтамалар жинау секілді мәселелер тұр. Салықтың аз мөлшерлемесін ұсынып қана қоймай, бұл процедураны орындау үшін Мемлекеттік кіріс комитетімен бірге тексеріс жүргіземіз. Пәтерді заңсыз жалға беретін азаматтар саны бірден азаяды деп ойлаймын”, - деді Руслан Дәленов. 

20 қаңтар 2018 ж. 1 788 0