Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Электронды сауда: өндіруші мен тұтынушының тікелей байланысы

Электронды сауда: өндіруші мен тұтынушының тікелей байланысы

Алматыда «Онлайн шық та әлемде сауда жаса!» бизнес семинары өтті.
Бизнес-семинарда Қазақстанның трансшекаралық электронды коммерциясы нарығын, отандық кәсіпорындардың экспорттық әлеуетін мобильдік қосымша дамыту мәселелері айтылды. Олардың айтуынша заманауи технология экспорттық операция желісін тиімді басқаруға және ішкі және Жібек Жолы бойындағы елдердің де нарығына шығуға мүмкіндік береді.
«Электронды коммерция елдің, цифрландырудың бағыты. Бұл мәселенің маңызы зор. қызмет көрсету электронды форматқа өтіп жатыр, отандық бизнес те мұны қолдануы тиіс. Ұлттық экономика министрлігімен жұмыс тобы құрылып, электронды сауданы дамыту бойынша Жол картасы дайындалды», - деп хабарлады Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Тимур Хакимов.
Ұлттық кәсіпкерлер палатаы сараптамалық жұмыс атқарып, салалық департаменттердің қызметкері мен бизнес субъектілерінен тұратын жұмыс тобы құрылды. Жұмыс тобы дайындаған ұсыныстар баяндамаға енгізіліп, 2017 жылдың 18 мамырында өткен Комитет отырсында қолдау тапты.
Мұнымен қоса, ҚР ҰЭМ министрлігінің алаңында «Сауда саласын модернизациялауды» басқарму жобасы бойынша жұмыс тобының аясында «Атамекен» ҚР ҰКП-ның электронды сауданы дамыту бойынша бастамалары қолдау тауып, Сауда саласын жаңғыртудың жоспарына енгізілді, мемлекеттік комиссия бекітті.
«Жол картасы бірнеше бөлімнен және іс-шаралардан тұрады. Оған Ұлттық палатаның интернет-дүкендерге табыс салығын 0% сынды салық артықшылықтары бар ұсыныстары енгізілді. Сонымен қатар интернетте отандық тауарды тарату, ҰКП базасында онлайн-дүкендер реестрі, онлайн-саудағы шығуға оқыту, республика деңгейінде БАҚ-та электронды сауданы насихаттау, электронды сауда операторын анықтау секілді ұсыныстар да берілді», - деп хабарлады ӨКП директорының орынбасары.
Тимур Хакимовтың айтуынша Қазақстанда коммерциялық сипаттағы салалардың ішінен Электронды сауданы жүзеге асыру ережесі тек тауарларды сатып алу/сатудағы құқықтық қатынастарды реттейді. Қазақстанда 2016 жылы электронды сауда мен қызметтен түскен табыс банктің транзакциясынсыз 226,4 млрд.теңге болды. Онлайн сауданы әйелдер көп жасайды, сауданың жалпы көлемінің 64% әйелдерге тиесілі, Сатып алушылардың жас аралығы 25-тен 44 жасқа дейін.
«Zoodel компаниясы – халықаралық онлайн сауда алаңы, ол Жібек Жолы елдерінің 16 мыңнан астам өндірушілерін біріктіреді әрі әлем бойынша онлайн сауда жасауға мүмкіндік береді. Таяуда «Казпочтамен» бірлесіп «ZoodMall Қазақстан» мобильді қосымшасын іске қостық, онда әрбір
қазақстандық сатушы болып, өз таураын әлемге шығара алады», - деп хабарлады Zoodel компаниясының ТДМ елдері бойынша бас директоры Сардор Мұхамедәлиев.
Zoodel компаниялар мен өнімдерді кәсіби дизайнын жасап, суретке түсіріп, мазмұндық сипаттамасын 6 тілге (орыс, ағылшын, парсы, түрік, араб, қытай) аударып береді. Сондай-ақ, өндірушілердің экспорттық әлеуеті мен халықаралық нарыққа шығуын арттыруға ықпал ететін курстар, семинарлар мен конференцияларды ұйымдастырады.
14 желтоқсан 2017 ж. 1 434 0