Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Медициналық мекемелер әлеуметтік желідегі шағымдарға жауап беруге міндеттелді

Медициналық мекемелер әлеуметтік желідегі шағымдарға жауап беруге міндеттелді

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов өңірдегі денсаулық сақтау басқармаларына әлеуметтік желілерде өз парақшаларын ашуды тапсырды. Бұл туралы ол бүгін Астанада өткен денсаулық сақтау министрлігінің алқа отырысында айтты.

Зерттеу нәтижесі бойынша өтініштер саны өткен жылғыдай 26 пайызды құрады. Ең көп арыз-шағым түсетін аймақтар: Астана қаласы, Алматы облысы және Маңғыстау облысы. Бұл туралы министрліктің қоғамдық денсаулық сақтау саясаты департаментінің басшысы Айжан Есмағамбетова мәлімдемесінде айтты.
Оның айтуынша, арыз-шағымдар емдеу, тексеру және диагностикалау қызметтеріне көп түседі. Екінші орында көп шағым түсетін уақытша еңбекке жарамсыз деген анықтама беру қызметінде. Дегенмен Қазақстанда бұл қызмет 7 пайызға өсті.  Алматы қаласында бұл көрсеткіш — 57%, Шығыс Қазақстан облысында — 36%, Қызылорда облысы — 35% көрсетті.
“Әлеуметтік желілерде  медициналық қызметтердің сапасына қатысты шағымдар көп жазылады. Бірақ оны ешім оқып жатқан жоқ. Онда жарияланатын шағымдарды тіркеу және міндетті түрде жауап беру мәселесін қарастыруды ұсынамын. Территориялық департаменттердің, комитеттердің, денсаулық сақтау басқармаларының әлеуметтік желілерде парақшасы болуы керек”, – деді Есмағамбетова.
Министр оның ұсынысын бірден қабылдады.
“Өңірлерге жыл соңына дейін өз парақшаларын құруды жіне бізге есеп беруді тапсырамын.  Сіздердің желілеріңізге  шағым келіп түссе, оларды тіркеп, өздеріңіз жауап берулеріңіз қажет”, -деді Елжан Біртанов.
Министр барлық парақшалардың көзбояушылыққа ашылмауы үшін Денсаулық сақтау министрлігі тікелей  бақылап отыратынын да ескертті.
Бұған дейін ол емделуге, тексерілуге және дагностика қызметінің сапасына Қазақстан тұрғындарының 69% көңілі толмайтын мәлімдеген болатын.
08 желтоқсан 2017 ж. 1 730 0