Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Парламент жол ережесіне қатысты айыппұл мөлшерін азайту туралы түзетулерді қабылдады

Парламент жол ережесіне қатысты айыппұл мөлшерін азайту туралы түзетулерді қабылдады

Мәжіліс депутаттары сенаттың әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске енгізген түзетулерімен келісті. Бұл туралы  Sputnik Казахстан хабарлады.

Бұдан бұрын Сенат «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын ұсынған болатын. Заң жобасында Сенат Мәжіліс мақұлдаған заң жобасына өзгертулер мен толықтырулар енгізген еді.
Қазіргі уақытта әкімшілік құқық бұзушылық кодексінде жалған мемлекеттік нөмірлерді орнату туралы 590-бап бар. Ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін айыппұл 1000 АЕК-тен 400 АЕК-ке азаяды.
Бұрын сағатына 10-20 км жылдамдықпен жүргендерге 10 АЕК болса, заң жобасы бойынша айыппұл сомасы 5 АЕК- ке арзандайды.ӘҚ кодексіне түзетулер енген жағдайда 594-баптағы «қиылысатын жолдарды немесе жолды кесіп өту ережелерін бұзу» бойынша айыппұл мөлшері төмендейді.596-баптың әкімшілік тармағы бойынша жол бойына автокөлікті орыналасу, қарама-қарсы бағыттағы жолға өту, жаяу жүргінші жолына түсу сияқты ереже бұзған үшін айыппұл құны 20 АЕК-тен 15 АЕК-ке дейін төмендейді.
Қарама-қарсы бағытқа өту, бұрылыс ережесін бұзғаны үшін жүргізуші куәлігін тартып алу 1 жыл емес 6 айға қысқартылады.
597-баптағы аялдама және көлік тұрақтары туралы ережені бұзғаны үшін 10 АЕК-тен 5 АЕК мөлшеріне дейін төмендейді.
Аялдама және жаяу жүргінші жолы, балалар, спорт мекемелері  аймағындағы ережелерді бұзғаны үшін айыппұл мөлшері 15 АЕК-тен 10 АЕК-ке азяды.
Мүмкіндігі шекетеулі жандарға арналған тұрақтар мен аялдамалар ережесінің бұзылуына салынатын айыппұл сомасы 50 АЕК-тен 10 АЕК-ке төмендеуі мүмкін.
Бағдаршам тыйым салған әрекеттерді істеу 20 АЕК-тен 15АЕК-ке азаяды.
Жол жүру ережелерін сақтамау, жаяу жүргіншілерге немесе басқа жол пайдаланушыларына жол беру туралы 600-бапқа өзгеріс енеді. Оның айыппұл мөлшері 20 АЕК-тен 15 АЕК арзандайды.
Жаяу жүргіншілердің және басқа жол пайдаланушылардың жол қозғалысына қойылатын талаптар жеңілдетіледі. 615-баптағы 15 АЕК айыппұл мөлшері 10 АЕК-ке азаяды.
20 желтоқсан 2017 ж. 1 390 0