Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ескерту түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Ескерту түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Арал аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 667-бабының 1- бөлігімен азамат А-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта анықталғандай, азамат А. полиция инспекторының уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына масаң күйде болғанын анықтау үшін бару жөніндегі заңды талабына бағынбаған.
Сот отырысында құқық бұзушы кінәсін мойындап, хаттамада көрсетілген мән-жайларды қуаттаған.
Сот қаулысымен құқық бұзушы А. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 667-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған  ескерту түріндегі әкімшілік жаза қолданылды.
 
Арал аудандық сотының
баспасөз қызметі.
08 желтоқсан 2017 ж. 1 522 0