МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДАҒЫ СПАРТАКИАДА ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ
Арал ауданында 1 желтоқсан –Тұңғыш Президент күні және 16 желтоқсан –Тәуелсіздік мерекелеріне орай ағымдағы жылдың 25 қарашасында бастау алған мемлекеттік қызметшілер арасындағы дәстүрлі спартакиада өз мәресіне жетті.
Ауданымызда осымен жетінші мәрте ұйымдастырылып отырған дәстүрлі спартакиадаға жалпы 15 құрама команда қатысып, "НҰР ОТАН" партиясы Арал аудандық филиалының жүлдесін өзара бөлісті.
Арал қаласындағы №19 Арал ауданының ОРМБЖ мектебінің спорт залында "НҰР ОТАН" партиясы Арал аудандық филиалының жүлдесі үшін мемлекеттік қызметшілер арасында өткен жарыс жеңімпаздарын марапаттау рәсіміне аудан әкімінің орынбасары М.Мейірбеков, «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы басшысы Т.Қанатов және аудандық дербес бөлім, мекеме басшылары мен спорт сүйер қауым қатысты.
Жарыстың қорытындысы бойынша жалпы командалық есеп нәтижесінде «BILIM start» командасы I-орынды, «Айбын» командасы жүлделі II-орынды және «Барса» командасы III-орынды жеңіп алды. Жеңімпаз командаларға арнайы спорт кубоктары мен "НҰР ОТАН" партиясы Арал аудандық филиалының алғыс хаты және қаржылай сыйлықтары табысталды.
Айта кетейік, жекелеген спорт түрлері: жеңіл атлетика, үстел теннисі, валейбол, шағын футбол, арқан тарту және дартс жарыстары бойынша командалар құрамындағы спортшылар да жекелей марапатталып, үздіктер спорт кубогын иемденді.