Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қорғау нұсқамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Қорғау нұсқамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Қазақстан Республикасының «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» Заңына сәйкес, қорғау нұсқамасы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жеке профилактикасы шараларының бірі болып табылады.
Қорғау нұсқамасын жәбірленушінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген тәртіппен әкімшілік ұстауды жүргізу не Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 128-бабында көзделген тәртіппен ұстау үшін негіздер болмаған кезде ішкі істер органдарының жергілікті полиция қызметінің бастығы не оның орынбасары, учаскелік полиция инспекторы не кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы жәбірленушінің пікірін ескере отырып, шығарады. Ол тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған не оны жасау қаупін төндіретін адамға орындау үшін қолхатпен беріледі.
Қорғау нұсқамасын бұзу Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.

Айталық,Арал аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 461 бабымен қорғау нұсқамасын бұзған азамат К-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Сот талқылауы барысында анықталғандай, Қазақстан Республикасының «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» Заңының 20 бабына сәйкес, Арал аудандық жергілікті полиция қызметі бөлімінің қызметкерлерімен құқық бұзушыға қатысты қорғау нұсқамасы толтырылып, ол бойынша құқық бұзушыға жанұя мүшелеріне қатысты қандай да бір жан немесе тән азабын келтіретіндей әрекеттер жасауға тыйым салынған.

Алайда, азамат К. өз үйінде жанжал шығарып, балағат сөздер айтып, отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қайшы келетін әрекеттер жасап, қорғау нұсқамасының талаптарын бұзған.

Құқық бұзушының кінәсі, іс құжаттарымен және оның сотта кінәсін мойындап берген жауабымен дәлелденген.

Сот қаулысымен құқық бұзушы К. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 461 бабымен кінәлі деп танылып, оғанескерту түріндегі әкімшілік жаза қолданылды.
 
Арал аудандық сотының
баспасөз қызметі.
08 желтоқсан 2017 ж. 2 228 0