Елбасы азаматтардың қылмыстық процестегі құқықтары туралы заңға қол қойды

Заң Мемлекет басшысының заң шығару бастамасы тәртібінде қабылданды және Қылмыстық-процестік кодекске, «Жедел-iздестiру қызметi туралы» және «Прокуратура туралы» заңдарға түзетулерді көздейді, олар мыналарға:
- қылмыстық процесте азаматтардың құқықтарының қорғалуын күшейтуге және қылмыстық процестің қайталануын азайтуға;
- қылмыстық процесте, оның ішінде адвокаттардың құқықтарын кеңейту есебінен жарыспалылықты арттыруға;
- сотқа дейінгі сатыда соттың бақылауын кеңейтуге;
- процестік өкілеттіктерді нақты бөлуге;
- қылмыстық процесті жеңілдетуге және үнемділікпен жүргізуге бағытталған.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.