Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» «Нұрлы жолды» орындау барысында 34,3 млрд теңге мөлшеріндегі заң бұзушылық анықталды

«Нұрлы жолды» орындау барысында 34,3 млрд теңге мөлшеріндегі заң бұзушылық анықталды

ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен ҚР Президенті жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелелері жөніндегі комиссия отырысы өтті, деп хабарлайды BNews.kz.
Жиында «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық даму бағдарламасын іске асыруға бөлінген қаражатты пайдаланудың жариялылығы мен тиімділігін қамтамасыз ету бағытында шаралар талқыланды.
Агроөнеркәсіп саласындағы прокурорлық тексерістер арқылы жалпы құны 15 млрд.теңге болатын 3,5 мың заң бұзу жайттары анықталды. Заңсыз 2,6 млрд.теңге субсидия төлеудің жолы кесілді.
««Нұрлы жол» бағдарламасын жүзеге асыру барысында , оны қаржыландыруға кеткен мамлекет шығыны 2 трлн теңгені құрайды. Бағдарлама ел экономикасының құрылымдық реформаларын жалғастыруға бағытталған. Алайда осы бағыттағы жүзеге асырылып жатқан шаралардың жеткіліксіздігі туралы ақпарат ұсынылып отыр. Бағдарламаның орындалу барысында мемлекеттік аудит органдары бюджет қаржысын игерудің заңдылығына қаржылық бақылау кезінде 34.3млрд. теңге мөлшеріндегі заң бұзу фактілерін анықтады», - деді Гүлшара Әбдіқалықова.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 2015 жылдан бастап ақшалай қаражатты талан-таражға салу және мақсатсыз пайдалану деректері бойынша миллиардтаған залал келтірген 27 қылмыстық істі қозғауға бастамашы болды.
Комиссия талқылау қорытындысы бойынша өкілетті органдар мен квазимемлекеттік сектор субьектілеріне анықталған заң бұзушылықтарды талдау және алдағы уақытта ондайға жол бермеу үшін әрекет ету тетіктерін әзірлей отырып, тиісті шаралар қабылдауды тапсырды. 
---
08 желтоқсан 2017 ж. 1 623 0