KASE : Теңге нығайып келеді

Жұма күнгі саудамен салыстырғанда доллар бағамы 1,61 теңгеге төмендеген. Сессия барысында ең төменгі курс 1 долларға 320,65 теңге, ал ең жоғарғысы 322,2 теңге деңгейінде болған. Сауда көлемі 59,95 млн долларға жетті.
Жұма күні доллардың орташа бағамы таңғы сессия қорытындылары бойынша 1 долларға 322,76 теңге, күндізгі сессияда - 322,69 теңге, екі сессияның қорытындылары бойынша 322,72 теңге болған. Сауданың жалпы көлемі 154 млн долларды құрады.