Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда өнеркәсіп өнімдері жыл басынан бері 2,5% қымбаттады

Қазақстанда өнеркәсіп өнімдері жыл басынан бері 2,5% қымбаттады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда өнеркәсіптік өндіруші-кәсіпорындар шығаратын өнімдердің бағасы өндірістік маңыздағы қызметті қоса есептегенде 2018 жылдың наурыз айында өткен аймен салыстырғанда 0,7 пайызға төмендегенімен, 2017 жылдың желтоқсанынан бері 2,5 пайызға көтерілген, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті келтірген мәліметке сәйкес, жыл басынан бері қайта өңдеу өнеркәсібіндегі өндіруші-кәсіпорындарда бағалар 3,1 пайызға, ал тау-кен өндірісінде 2 пайызға көтерілген. Өндірілген өнеркәсіптік өнім 2,2, ал өнеркәсіптік маңыздағы қызметтер 5,8 пайызға қымбаттаған.
Есеп берілген кезеңде дизельдік отын 7,4, табиғи газ 7,2, көмір 6,2, металл кені 3, мұнай мен мазут 1,5, төмендетілген пропан мен бутан 0,9 пайызға қымбаттаған. Сонымен қатар, бағаның өсімі ферроқорытпада 16,2, мырышта 4,3 пайызды, қара металдардың прокатында 4,1, қорғасында 1 пайызды көрсетсе, асыл металдар 1,1, алюминий 1 пайызға арзандаған.
Өндірушілер тарапынан бағалардың өсімі тұрғысынан шайдың 4,4, күнбағыс майы 3,8, күріш 0,8 пайызға, сүт өнімдері мен сиыр еті 0,5, қант 0,3, нан 0,2 пайызға қымбаттағанын, ал бидай ұны 5,2, жарма 2,6, құс еті 1,1, макарон өнімдері 0,8 пайызға арзандағанын бақылауға болады.  
inform.kz
04 сәуір 2018 ж. 2 355 0