Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Биыл елдегі алтын бұйымдардың бағасы 8,8 пайызға қымбаттаған

Биыл елдегі алтын бұйымдардың бағасы 8,8 пайызға қымбаттаған

Биыл Қазақстандағы алтын бұйымдардың бағасы 8,8 пайызға қымбаттаған, деп хабарлайды Today.kz energyprom.kz сайтына сілтеме жасай отырып. 

Еліміздегі ең қымбат алтын бұйымдар Астана қаласында. Алтын әшекейдің бағасы Астанадан кейін Өскемен және Ақтау қалаларында жоғары. Мысалы, Елордада алттынның бір граммы 23 885 теңгені құраса, Өскеменде 18 55, Ақтауда 18 250 теңге тұрады. 

Ал ең арзан алтын бұйым Алматыда сатылады. Бұл шаһарда алтынның бір граммы 12 166 теңгені құрайды. 

Күміс әшекейлердің де бағасында өзгеріс бар. Мысалы, күміс әшекейлер өткен жылмен салыстырғанда 7,4 пайызға қымбаттаған. 
12 наурыз 2018 ж. 2 466 0