
Агроөнеркәсіп кешеніндегі жалпы өнім көлемі 4,9 млрд теңгені құрап, 2016 жылмен салыстырғанда 1,7 пайызға артты. Мал басы саны да жыл санап өсуде. «Сыбаға», «Алтын асық», «Құлан» бағдарламаларының орындалуы жоғары.

Теңіз төскейіндегі халықтың басты кәсібінің бірі – балық шаруашылығы. Қазіргі таңда, жылдық қуаты 18900 тоннаны құрайтын 8 балық өңдеу зауыты жұмыс жасауда. Оның ішінде өткен жылы «Ар-М-Кон» ЖШС-нің «Балық түрлерін сақтау және қатыру» жобасы іске қосылды. Сонымен қатар, Ә.Жаңайбеков ашқан «Қуатбай» балық өңдеу цехында 7 адам нәпақасын айырып отыр. Былтыр 590 тонна балық өнімін экспортқа шығарылды.