Салаға серпін берген-«САРАТС»

Міне, ғасыр кереметі саналған игі іс Президентіміздің тікелей қолдауының арқасында жалғасын табуда. Нақтырақ тоқталсақ, көлдер жүйесі
қалпына келтіріліп, суландыру мәселесі басты назарға алынды. Бұдан бөлек, балық өсіру тоғандарын талапқа сай ету, Көкарал тоспасының деңгейін көтеру күн тәртібіне қойылды. Иә, кеше мен бүгінді таразыласақ, өңірдегі өркенді істер көптің көз алдында. Табысты істер жалғасын тауып, ел әлеуетін көтеретін жарқын жобалардың алдағы уақытта да халық игілігіне аса беретініне сеніміміз мол.
Қазіргі таңда ауданымызда балық шаруашылығы жедел дамып, экономиканың негізгі көзіне айналғаны көпті қуантады. Бірнеше балық өңдейтін зауыттар тереңнен су маржанын сүзген балықшылардың өнімін қабылдап, аталмыш салаға серпін беру үстінде. Жалпы, аудан бойынша өткен жылы 7 мың тонна балық ауланып, 590 тонна балық өнімінің экспортталғаны жоғарыдағы сөзімізге айқын дәлел.
Кемел келешеке сеніммен көз тіккен еліміздегі жүйелі жұмыстардың бәрі оң бағалауға тұрарлық. Ендеше, өркениет көшіне ілескен мемлекетімізді дамытудағы басты бағыт саналған балық шаруашылығы да алдағы кезеңдерде ілгерілей береді деп ойлаймыз.
Нұртай Әбенов,
«ІІІ дәрежелі» еңбек даңқы орденінің игері.