АРАЛ ТУРАЛЫ ҚЫЗЫҚТЫ ДЕРЕКТЕР

Ауылдарының арасы ең қашық аудан. Арал жер көлемі жөнінен де ірі аудандар қатарында. Содан да болар елді мекендер арасы алшақ орналасқан. Мәселен, ауданның батыс беткейіндегі Құланды елді мекені Арал қаласынан 350 шақырым қашықтықта орналасса, солтүстік бетіндегі Атанши ауылы аудан орталығынан 200 шақырым ұзақтықта орын тепкен. Шамамен есептесек, бұл қос елді мекеннің арасы Арал мен Қызылорда қалаларының арасындағы қашықтықты құрайды екен.
Құпияға толы теңіз табаны. Бүгінде тартылған теңіз көп құпияны қойнында сақтап отыр. Соның бірі – ұлтанда қалған геглифтер. Негізінен геоглиф деп 4 метрден асатын, жерге ойып салынған геометриялы немесе бейнелі өрнектерді атайды. Қазақ ғылыми зерттеу институтының ауа райын бақылау орталығы қызметкерлері аталған таңбаларды теңіз табанынан тапқан. Мамандар ондағы кем дегенде 500 шаршы метр алаңда бір бағытқа тартылған ірі сызбаларды суретке түсіріп алған. Дереккөздерге сенсек, кей жерлерде сызбалардың ені 2 метрден 50 метрге дейін жетеді екен. Аралдың геоглифтері Сырдарияның Арал атырабына құярлығынан, оңтүстікке таман, теңіздің ашылған ұлтанынан 10-15 метр тереңдіктен табылып отыр. Мұндай ірі таңбаны салу үшін ең мықты деген 20 мың техника 90 жыл бойы үздіксіз жұмыс істеуі керек екен.
Мұздақтан табылған тұз. Суы тартылған соң айдынды өңірде мәселе көбейгені мәлім. Соның бірі – ұшқан тұздың зияны. Ғалымдардың Аралдан ұшқан тұзды дауылдың бір ұшы Гренландия мұздықтары мен Норвегияның
орманды алқабына да жеткенін дәлелдеген еді. Бүгінде бұл мәселелерді шешу жолы қарастырылуда. Президент Н.Назарбаевтың тікелей бастамасымен Кіші аралдың оңтүстігіне ұзындығы 12 шақырым болатын Көкарал бөгені салынғаны белгілі. Соның салдарынан Кіші Аралдың (Солтүстік) деңгейі 42 метрге, аумағы 800 шаршы шақырымға ұлғайды. Нәтижесінде суы тартылып қалған тұзды көлдің табанын жауып, көлге тіршіліктің нышаны енді.