Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Атқарушы билік халық алдында(Аманөткел ауылдық округі)

Атқарушы билік халық алдында(Аманөткел ауылдық округі)

Жылдағы дәстүрге сай барлық деңгейдегі әкімдер ел алдында есеп беру жұмысын бастап та кетті. Аудан әкімі М.Оразбаев Құланды, Қаратерең, Жаңақұрлыс, Бөген, Аманөткел, Қосжар, Жетес би, Райым ауылдық округтерінде болып, халықпен кездесті. Есепті кездесуге Қызылорда облыстық жердің пайдалануы мен қорғалуын бақылау басқармасының басшысы Қ.Тоғызбаев екен арнайы келіп қатысты. Өткен жылы атқарылған жұмыстар төңірегінде жиналғандар алдында есеп берген аудан басшысы М.Әуесұлы еліміз үшін тауық жылы табыспен түйінделгенін жан-жақты баяндап, үстіміздегі жылдың негізгі міндеттеріне басымдық берді.
Аманөткел. Есептік кездесу одан әрі Аманөткел ауылдық округінде жалғасты. Округ көлемінде Елбасы Жолдауынан туындайтын мәселелерді және бағдарламаларды іске асыру негізінде, ауылдың әлеуметтік- экономикалық дамуында біршама жұмыстар атқарылды. Округке қарасты Аққұлақ елді мекеніндегі №76 негізгі мектепке жаңа ғимарат салынып, пайдалануға берілді. Сонымен қатар, «Аудан экономикасын дамытудың 2017-2019 жылдарға ар- налған жол картасына» сәйкес Аманөткел халқын ауыз сумен қамту жұмыстары бойынша 26,8 шақырым магистральды су желісін жүргізу қолға алынып, жыл соңында пайдалануға толық беріледі деп күтілуде. Сондай-ақ, «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша 2017 жылы Аманөткел елді мекені бойынша 13 нүкте, Аққұлақ елді мекені бойынша 10 нүкте жарықтандыру жұмыстары жүргізілді.
Басқа да келелі мәселелер шешімін тапқаны жөніде ауылдық округ әкімі Қ. Әбдірамановтың баяндамасынан таныс болдық. Сондай-ақ, қоғамдық тәртіп пен қылмыстық ахуал жайында Д.Балымбетов баяндама жасады.
Ауыл тұрғандары аудан әкімі Мұхтар Оразбаевтың да баяндамасын тыңдап, өткен жыл ауданымыз үшін жемісті болғанын білді. Алдағы міндеттерге қанықты.
Есептік кездесудің соңында ауыл тұрғындары алғыстарын білдірді. Сонымен қатар, «Жамбыл» өндіріс кооперативінің төрағасы, Ақшатау көлінің қорықшысы, мемлекеттік ІІІ-дәрежелі «Еңбек даңқы» орденінің иегері Нұртай Әбенов елдегі жетістіктерге ерекше ықыласын білдіре келе, Ақшатау елді мекеніндегі мектеп құрылысын салу қолға алынса деген ұсынысын білдірді. Ал, ардагерлер кеңесінің төрағасы Б.Жалмағамбетов ауылдық округке кіре беріс жолына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуді сұрады. Аудан басшысы бұл істердің алдағы уақытта атқарылатын жобалар тізімінде бар екенін айтып, тұрғындар қуанышын еселеді.

Оңталап Жолдасов.
18 қаңтар 2018 ж. 2 444 0