Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Атқарушы билік халық алдында(Бөген ауылдық округі)

Атқарушы билік халық алдында(Бөген ауылдық округі)

Жылдағы дәстүрге сай барлық деңгейдегі әкімдер ел алдында есеп беру жұмысын бастап та кетті. Аудан әкімі М.Оразбаев Құланды, Қаратерең, Жаңақұрлыс, Бөген, Аманөткел, Қосжар, Жетес би, Райым ауылдық округтерінде болып, халықпен кездесті. Есепті кездесуге Қызылорда облыстық жердің пайдалануы мен қорғалуын бақылау басқармасының басшысы Қ.Тоғызбаев екен арнайы келіп қатысты. Өткен жылы атқарылған жұмыстар төңірегінде жиналғандар алдында есеп берген аудан басшысы М.Әуесұлы еліміз үшін тауық жылы табыспен түйінделгенін жан-жақты баяндап, үстіміздегі жылдың негізгі міндеттеріне басымдық берді.
Бөген. Бөген ауылдық округіндегі есептік кездесу де дәстүрге сай аудан әкімінің ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы жылғы Қазақстан халқына жолдауындағы басты міндеттерге тоқтала кетуімен бастау алды.
Бұл округтегі жұмыстар барысы да көңілге қонымды. Өткен жылы «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен қаржы бөлініп, елді мекенді ауыз сумен қамту жүйелерін қайта жаңғырту және кеңейту жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша аудандық бюджеттен бөлінген қаржы есебінен Бөген елді мекеніне 16 бағана орнатылып, түнгі жарықтандыру жұмыстары жүргізілді. Және де Бөген, Қарашалаң елді мекендеріне ауылдық округтің қолма-қол бақылау шотына түскен қаражаттан аялдамалар салынды. «Кар-Тел» ЖШС арқылы Бөген, Қарашалаң елді мекен- деріне «Билайн» ұялы байланыс желісі орнатылса, Қарашалаң елді мекеніне ұялы байланыс желілері іске қосылды. Облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, «Бөген-Аманөткел» аралығындағы 11 шақырым жол асфальтталды. «Халықаралық Арал ды құт- қару қорының» атқару дирекциясының қаржы лан ды руы мен «Газ 3309-1397» маркалы су таситын автокөлігі алынды.
Басқа да жұмыстар жөнінде ауылдық округ әкім Ш. Андызбаев пен ауылдық учаскелік полиция қызметкері Д. Балымбетов қылмыстық ахуал жайында баяндама жасады. Одан кейін, аудан әкімі М. Оразбаев өткен жылдағы аудандағы ауқымды істерге тоқталып, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстармен ауыл тұрғындарын таныстырды.

Есептік Кездесу соңында ауыл тұрғындары барлық жұмыстарға оң баға бере келе, бірнеше ұсыныстар айтты. Зейнеткер Ж.Жалғасбаев, С.Демеуов Қарашалаң ауылына ауыз су желісін тарту үшін тиісті құжаттар дайындауды сұраса, бірі «Бөген-Қарашалаң» жолдарын ағымдағы жөндеуден өткізуге өтініш білдірді. Аудан басшысы алдағы уақыттарда бұл жұмыстардың да шешімін табарына уәде берді.

Оңталап Жолдасов.
18 қаңтар 2018 ж. 2 137 0