Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Атқарушы билік халық алдында(Қосжар ауылдық округі)

Атқарушы билік халық алдында(Қосжар ауылдық округі)

Жылдағы дәстүрге сай барлық деңгейдегі әкімдер ел алдында есеп беру жұмысын бастап та кетті. Аудан әкімі М.Оразбаев Құланды, Қаратерең, Жаңақұрлыс, Бөген, Аманөткел, Қосжар, Жетес би, Райым ауылдық округтерінде болып, халықпен кездесті. Есепті кездесуге Қызылорда облыстық жердің пайдалануы мен қорғалуын бақылау басқармасының басшысы Қ.Тоғызбаев екен арнайы келіп қатысты. Өткен жылы атқарылған жұмыстар төңірегінде жиналғандар алдында есеп берген аудан басшысы М.Әуесұлы еліміз үшін тауық жылы табыспен түйінделгенін жан-жақты баяндап, үстіміздегі жылдың негізгі міндеттеріне басымдық берді.
Қосжар. Қосжардағы есептік кездесу округ тұрғындарының да көңілін серпілтіп тастады. Қосжарлықтардың негізгі тіршілік көзі мал және балық шаруашылығы болып табылады. Өткен жылдармен салыстырғанда ауыл халқы мен отбасы санының өсу динамикасы анықталып отыр. 2017 жылы 17 адам өзін-өзі жұмыспен қамтыған. Елді мекен бойынша 1 шаруа қожалығы және 10 жеке кәсіпкер тіркелген. Сонымен қатар, 2017 жыл көлемінде екі кәсіпкер аудандық кірістер бөліміне тіркеліп, жұмыс жасауда.
Сондай-ақ, тауық жылының басты жаңалығы жаңа медициналық пункттің ашылуы. Бұдан да басқа жетістіктер жайлы округ әкімі М.Әбдікеров пен ауылдық учаскелік полиция қызметкер Ә. Алданов қылмыстық оқиғалар мен заң бұзушылықтардың алдын алу мақсатында жасалған жұмыстарын қысқаша баяндап өтті.
Округтегі жұмыстар барысына қаныққан аудан әкімі М. Оразбаев баяндама жасап, аудан көлеміндегі ауыз толтырып айтарлықтай толағай табыстарды көрсетіп кетті.
Ауыл тұрғындары өз игіліктері үшін жасалған осынау ауқымды істерді толыққанды орындаған азаматтардың алдағы уақытта да жемісті жұмыс көрсетуіне тілектестік білдірді.

Оңталап Жолдасов.
18 қаңтар 2018 ж. 1 857 0