Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Атқарушы билік халық алдында(Құланды ауылдық округі)

Атқарушы билік халық алдында(Құланды ауылдық округі)

Жылдағы дәстүрге сай барлық деңгейдегі әкімдер ел алдында есеп беру жұмысын бастап та кетті. Аудан әкімі М.Оразбаев Құланды, Қаратерең, Жаңақұрлыс, Бөген, Аманөткел, Қосжар, Жетес би, Райым ауылдық округтерінде болып, халықпен кездесті. Есепті кездесуге облыстың ветеринария басқармасының басшысы Е.Апетов арнайы келіп қатысты. Өткен жылы атқарылған жұмыстар төңірегінде жиналғандар алдында есеп берген аудан басшысы М.Әуесұлы еліміз үшін тауық жылы табыспен түйінделгенін жан-жақты баяндап, үстіміздегі жылдың негізгі міндеттеріне басымдық берді.
Құланды. Шалғайда жатқан бұл ауыл да тауық жылында мемлекеттің қолдауына ие болды. Көптен көтеріліп келе жатқан ауыл тұрғындарының басты мәселе болып саналатын жаңа ауылдық медициналық пункт іске қосылып, бүгінгі күні ел игілігі үшін жұмыс жасап келеді.
Сондай-ақ, мемлекеттік бағдарламалар аясында жеке кәсібін бастап, ісін дөңгелетіп отырған жандар бар. Нақтырақ айта кетер болсақ, «Сыбаға» , «Алтын асық», «Құлан» бағдарламалары аясында ауыл тұрғыны Н. Қалыбаев бір бас асыл тұқымды бұқа алып, түлікті асылдандыру бағытында жұмыс жүргізсе, «Жұмыспен қамту-2020» бағдарлама аясында ауыл тұрғыны К.Құлжанова жылқы малын өсіруге төмендетілген пайызбен 3 млн теңге несие алды. Ал, «нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасы аясында Ақбасты елді мекенінде балық сақтайтын цехтың іргетасы қаланған болатын. Бұл цехтың да аудан экономикасының артуына септігі мол.
Өзге де атқарылған жұмыстар төңірегінде ауылдық округ әкімі К.Жанназаров өз баяндамасында атап көрсетті.
Ауылдағы ілкімді істерге қаныққан аудан әкімі М. Оразбаев ауыл тұрғындары алдында ауданда атқарылған істер жайында жеткізді және алдағы міндеттерге тоқтала өтті.
Есептік кездесу соңында ауыл тұрғындары жүргізілген жұмыстарға оң баға бере отырып, ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қ. Едігеев ауыз су жүргізу мәселесін жеткізсе, ауыл ардагері С. Исмағұлов санитарлық тазалық жұмыстарын өз деңгейін жүргізуге қолдау жасауды сұрады.
Аудан басшысы тұрғындар сауалына байланысты жауап беріп, алдағы уақытта кезең-кезеңімен атқарылатын жұмыстар қаратына енгізе отырып, ауылдың ахуалы әрқашан басты назарында болатынын айтты.

Оңталап ЖОЛДАСОВ.
18 қаңтар 2018 ж. 2 159 0