Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Атқарушы билік халық алдында(Қаратерең ауылдық округі)

Атқарушы билік халық алдында(Қаратерең ауылдық округі)

Жылдағы дәстүрге сай барлық деңгейдегі әкімдер ел алдында есеп беру жұмысын бастап та кетті. Аудан әкімі М.Оразбаев Құланды, Қаратерең, Жаңақұрлыс, Бөген, Аманөткел, Қосжар, Жетес би, Райым ауылдық округтерінде болып, халықпен кездесті. Есепті кездесуге облыстың ветеринария басқармасының басшысы Е.Апетов арнайы келіп қатысты. Өткен жылы атқарылған жұмыстар төңірегінде жиналғандар алдында есеп берген аудан басшысы М.Әуесұлы еліміз үшін тауық жылы табыспен түйінделгенін жан-жақты баяндап, үстіміздегі жылдың негізгі міндеттеріне басымдық берді.
Қаратерең. Есепті кездесу одан әрі Сырдарияның теңізге құяр жағасындағы алыс ауылдардың бірі Қаратарең ауылдық округінде жалғасты. Тіршілігі теңізбен тығыз байланысты бұл ауылда да өткен жылы қырау жұмыстар тындырылып, көптеген мәселелер өз шешімін тапқан болатын. Әсіресе кәсіпкерлік бағыттағы нысандардың жұмысы өте қарқынды дамып келеді. Балықшылықты ата кәсібі деп білетін бұл ауылда балық сақтау, қатыру цехтары жүйелі жұмыс жасап тұр.
Атап айтар болсақ жеке кәсіпкер, ауыл тұрғыны Ә. Жанайбеков жер телімін алып, өз қаражаты есебінен 15 млн теңгеге 50 тонна балық қабылдайтын тоңазыту цехын іске қосса, «АР-М-КОН» ЖШС-нің балық мұздатқыш цехын өз қаражаты есебінен 60 млн теңгеге салып, пайдалануға берілді. Балық аулау және сұрыптау, қатыру ісімен айналысатын «Қуаныш» ЖШС бүгінгі таңда 45 адамды жұмыспен қамтып отыр. ал, Қаратерең ауылдық округіне қарасты Тастақ елді мекенінде «Тастақ балық өсіру» мекемесі жұмыс жасап келеді.
Мұнан өзге де ауылдық округ төңірегіндегі атқарылған жұмыстар жайында округ әкімі Қ. Жиенбаев баяндаса, ауылдағы қылмыстық ахуал жайында учаскелік полиция қызметкері Ғ. Ізмағамбетов баяндамасында атап өтті.
Ауылдағы тындырымды істермен таныс болған аудан әкімі М.Оразбаев ауыл тұрғындары алдында аудандағы жүргізілген жұмыстарды тарқатып айтып берді. Сондай-ақ, алдағы міндеттермен таныстырды.
Кездесу соңында қаратереңдіктер аудан басшысына алғыстарын айта отырып, көкейлерінде жүрген бірқатар ұсыныстарды ортаға салды. Ауыл ардагері И. Дүйсенғалиев округке қарасты Тастақ елді мекеніндегі оқушыларды тасымалдауға автокөлік бөлінсе деген өтінішін айтты. Аудан әкімі бұл мәселенің жақын арада шешімін табуға жағдай жасайтындығын білдірді.
Оңталап ЖОЛДАСОВ.
18 қаңтар 2018 ж. 2 861 0