Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Атқарушы билік халық алдында(Жаңақұрылыс ауылдық округі)

Атқарушы билік халық алдында(Жаңақұрылыс ауылдық округі)

Жылдағы дәстүрге сай барлық деңгейдегі әкімдер ел алдында есеп беру жұмысын бастап та кетті. Аудан әкімі М.Оразбаев Құланды, Қаратерең, Жаңақұрлыс, Бөген, Аманөткел, Қосжар, Жетес би, Райым ауылдық округтерінде болып, халықпен кездесті. Есепті кездесуге облыстың ветеринария басқармасының басшысы Е.Апетов арнайы келіп қатысты. Өткен жылы атқарылған жұмыстар төңірегінде жиналғандар алдында есеп берген аудан басшысы М.Әуесұлы еліміз үшін тауық жылы табыспен түйінделгенін жан-жақты баяндап, үстіміздегі жылдың негізгі міндеттеріне басымдық берді.
Жаңақұрылыс. Есептік кездесу одан әрі Жаңақұрылыс ауылдық округінде жалғасын тапты. Бірқатар жүйелі жұмыстар атқарылған бұл ауылда да даму байқалады. Әсіресе, қожалықтардың жұмыстары көңіл көншітерлік. Ашып айтар болсақ, 2017 жылдың өзінде 3 бірдей шаруа қожалығы мен 1 кәсіпкер «Сыбаға» бағдарламасы аясында несие алып, мал басын асылдандыру жұмыстарын нәтижелі жүргізді. Осының нәтижесінде мемлекет тарапынан бөлінген субсидия алуға қол жеткізді. Сонымен қатар, «Қожағұл ата» шаруа қожалығының төрағасы Е.Елшекенов 60 бас ірі қара малын бордақылау алаңын өз қаражатын есебінен салып, мал бордақылау жұмыстарын айналысып келеді. Сондай-ақ, «Құлан» мемлекеттік бағдарламасы аясында жеке кәсіпкер А.Әбдікеров «Арал ырысы» ЖШС арқылы 3 млн теңге қаржы алып, жылқы шаруашылығын арттыру мақсатында еңбек етуде. Сонымен қатар, жеке кәсіпкер А.Есімов өз қаражаты есебінен балық өсіру тоғанын дайындап, 350 мың майда шабақ жіберіп өсіруде.
Өзге де округ төңірегінде атқарылған жұмыстар легін округ әкімі Б.Әбдірайымов баяндап берді. Ал қылмыстық ахуал жайында ауылдық участок полоциясы  Ғ. Ізмағамбетов  баяндама жасады.
Ауылдағы тындырылған істерге қаныққан аудан әкімі есіптік кездесуді өткен жылы ауданда шешімін тапқан істердің қорытындысымен жалғастырды. Сондай-ақ, алдағы уақытта жасалатын жұмыстармен таныстырды.
Есептік кездесу соңында ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Шалбаев «Қараарық» каналын құжаттандыру жұмыстарын жүргізуді және «Жаңақұрылыс-Бекарыстанби» автокөлік жолын аудан теңгеріміне алуды, сондай-ақ «Жаңақұрылыс-Қаратерең бағытындағы автокөлк жолына көктем мезгілінде тазарту жұмыстарын жүргізуді сұрады. Аудан көлеміндегі жұмыстарға оң баға беруді де естен шығармады. Аудан басшысы аталған сұрақтардың алдағы уақытты шешімін табатынын жеткізді.

Оңталап Жолдасов.
18 қаңтар 2018 ж. 2 097 1

Austmok от 8 мамыр 2019 12:45
Buy Azithromycin Online Viagra Canadian Pharcharmy Online viagra Us Pharmacy Prices For Cialis