Эльмира Сыздыкова: Барлығы бапкердің жоспары бойынша өтті
Әйелдер күресі бойынша Қазақстан ұлттық құрамасының өкілі Эльмира Сыздыкова Эр-Риядтағы Ислам ынтымақтастығы ойындарында қола медаль үшін кездесуі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.Ол 76 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үшінші орынға ие болды.Жалпы, бәрі біз жоспарлағандай өтті. Бапкеріміз алдын ала жоспарын құрды, біз соған сәйкес дайындалдық. Қола медаль үшін кездескен қарсыласыммен алғаш рет кездестім. Мен бапкер ұсынған тактикаға сәйкес дайындалдым. Тактикалық тұрғыдан біз қолмен жұмыс істеуге және қорғанысқа басымдық беріп, алдын ала жоспар құрдық. Соның нәтижесінде бәрі сәтті болып, кездесуді жеңіп, пьедесталға көтерілдік, – деді Сыздыкова.Оның сөзінше, алда Қазақстан чемпионаты күтіп тұр.
Менің басты мақсатым – чемпион болу, – деді спортшы.Еске салайық, 7 қарашада Эр-Риядта VI Ислам ынтымақтастығы ойындарының ашылу рәсімі өтті. Қазақстан құрамасында 100-ден астам спортшы бар.
Сауд Арабиясы тарихында алтыншы рет Ислам ынтымақтастығы ойындарын өткізуде. Бұған дейін бұл ірі спорттық форум Мәкекада (2005), Палембангте (2013), Бакуде (2017) және Коньяда (2021) ұйымдастырылған.
Жалпы командалық медаль есепте Қазақстан құрамасы жетінші орында тұр. Команда қоржынында – 14 алтын, 17 күміс және 21 қола медаль бар.









