Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Хоккейден Қазақстан құрамасы Азия чемпионы атанды

Хоккейден Қазақстан құрамасы Азия чемпионы атанды

Қытай астанасы Бейжіңде өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстанның хоккейден ұлттық құрамасы Жапония командасын жеңіп, чемпион атанды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ойын басталғаннан кейін 5 минут өткенде Қазақстан құрамасы алғашқы гол соқты. Роман Старченко мен Максим Мусоровтың пасынан кейін шабуылшы Кирилл Ляпунов көзге түсті.
Алайда алғашқы жиырма минуттың аяғына таман Жапония құрамасы есепті теңестірді - 1:1.
Екінші кезеңде қазақстандықтар 3 шайба соғып, жапондар бір голмен ғана жауап берді.
Шабуылшы Роман Старченко Эдуард Михайлов пен Максим Мусоровдың пасынан кейін гол соқты.
Бірнеше минуттан соң Роман Старченко тағы бір гол соқты, бұл жолы оған Олег Бойко мен Батырлан Мұратов пас берді.
Үшінші кезеңде жапондар бір шайбыны қайтарып алды, бірақ Қазақстан құрамасы матчті овертаймға жеткізбей, жеңісті уыстан шығармады.
Ойынның қорытынды есебі - Қазақстан құрамасының пайдасына 4:3.
Еске салайық, 2024 жылғы 6–9 қараша аралығында Алматыда өткен алғашқы турнирде де Қазақстан құрамасы кубок жеңіп алған болатын.
23 қараша 2025 ж. 50 0