ЕУРО-2020 іріктеу кезеңінде Қазақстан құрамасы Сан-Мариноны ойсырата жеңді

Айта кетейік, ФИФА рейтингінде Қазақстан құрамасы 117-орында. Ал Сан-Марино соңғы 221-орында тұрақтаған. Сондай-ақ, бұл команда ең әлсіз құрамалардың бірі болып саналады. 4 турдан соң Бельгия құрамасы 12 ұпаймен топ бастап тұр. Кейін 9 ұпаймен Ресей құрамасы тұр. Үшінші орындағы Қазақстан құрамасында 6 ұпай бар. Төртінші орында Кипр, бесінші орында Шотландия командалары тұр. Ал топтағы алтыншы орынға Сан-Марино командасы орналасты. Бесінші тур ойындары 9 қыркүйекте болады. Ол күні Ресей - Қазақстан, Сан-Марино - Кипр және Шотландия - Бельгия арасында кездесулер өтеді.