Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Еркебұлан Сейдахмет Қазақстан құрамасындағы алғашқы ойында гол соқты

Еркебұлан Сейдахмет Қазақстан құрамасындағы алғашқы ойында гол соқты

Будапешт қаласында Қазақстан мен Венгрия арасында өтіп жатқан жолдастық кездесудің бірінші таймында қазақстандық футболшылар үш гол соқты деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
Станимир Стойловтың Қазақстан құрамасының бапкері ретіндегі алғашқы ойыны сәтті басталды. Ойынның алғашқы он минутында қазақстандық футболшылар екі гол соғып үлгерді. Бұдан кейін алаң иелері есепті қысқартқанымен бірінші тайм аяқталуға жақындағанда қонақтар үшінші голды соғып, есепті 1-3-ге жеткізді.
Алғашқы голды 6-минутта Бауыржан Исламхан берген бұрыштама доптан кейін Роман Мұртазаев салды.
Арада төрт минут өткенде Еркебұлан Сейдахмет қарсыластар қақпасының сол жағында үш қорғаушыдан өтіп допты қақпаның алдына қарай тастады. Бұл жерде венгр футболшыларының бірі сәтсіз ойнап допты Бақтиер Зайнутдиновтың тура алдына сырғытты. Зайнутдинов қатты әрі дәл ұрды. Айта кететін нәрсе, бұл да 19 жасар Бақтиер Зайнутдиновтің ұлттық құрама сапындағы алғашқы ойыны.
21-минутта Венгрия ойыншысы Адам Салаи есепті 1-2-ге қысқартты.
Ал матчтың 39-минутында Роман Мұртазаевтан пас алған Еркебұлан Сейдахмет допты тоқтатпастан қақпаға дәл теуіп доп айырмашылығын қайта ұлғайтты.

24 наурыз 2018 ж. 1 260 0