Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » «Астана» Қазақстанның Супер кубогын үшінші мәрте ұтып алды

«Астана» Қазақстанның Супер кубогын үшінші мәрте ұтып алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның Супер кубогы тігілген биылғы сында «Астана» алматылық «Қайратты» 3:0 есебімен тізе бүктірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.
Ойынның алғашқы минуттарын қос команда сақтықпен бастады. Ең үздік деген екі құрама бір-біріне қауіпті сәттерді туындата білгенімен, аладоп қақпадан қиыс кетіп жатты. Осылайша, алғашқы тайм тең аяқталды.
Екінші тайм «Астананың» едәуір қысымымен басталды. Орайлы сәттердің бірінде Твумасидің тепкен добын Плотников қайтарғандай болған. Бірақ,осы шақта қақпаға жақындаған Иван Маевский алғашқы голды салып, елордалық команданы алға шығарды. Арада көп өтпей, Марин Томасов баспен ұрып, есепті еселей түсті.Кезек-кезек соғылған қос голдан алматылықтар есін жия алмай қалған секілді. Тіпті бұдан кейін Томасовтың айыппұл добын голға айналдыруы «Қайрат» командасынжеңістен одан ары алыстатып жіберді.
Осылайша, «Астана» өз тарихында Қазақстанның Супер кубогына үшінші мәрте қол жеткізіп отыр.
04 наурыз 2018 ж. 1 042 0