Боксшыларымыз Болгарияда бір алтын төрт қола медаль жеңіп алды

Финалда украиналық боксшысы Иван Данчаны жеңген Сабыржан Бекбергенов 64 келіге дейінгі салмақта алтын медальға қол жеткізді. Нұрболат Қалжанов (56 келі), Қанағат Маралов (69 келі), Михаил Коханчик (91 келі) кеуделеріне қола медаль тақты. Қазақстандық боксшыларды жарысқа ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы Нұрғали Сафиуллин бастап барды.
inform.kz