Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионаты өтеді

Қызылордада ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионаты өтеді

Қызылордада ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионаты өтеді
15-20 ақпан аралығында «Евразия» спорт кешенінде ауыр атлетикадан 20 жасқа дейінгі ұлдар мен қыздар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтеді. Жарысқа еліміздің барлық аймақтарынан 250-ден аса жас атлеттер қатысады. Ұлдар8 салмақта (56, 62, 69, 77, 85, 94, 105, +105 келі), қыздар 8 салмақта (48, 53, 58, 63, 69, 75, 90, +90 келі)жарыс жолына шығады.
Айта кетейік, осы жарыстың қорытындысы бойынша маусым айында Ташкент қаласында (Өзбекстан) өтетін Әлем чемпионатына өнер көрсететін құрама команда жасақталатын болады. Жарыстың бас төрешісі: Асқар Меңдияров (Қызылорда).
15 ақпан күні сағат 11.00-де жарыс басталады, 14.30-да салтанаттыашылуы өтеді.
13 ақпан 2018 ж. 1 577 0