Зульфия Ғабидуллина Мексикадағы әлем чемпионатынан алтын алды

Осы жарыста 50 метр қашықтыққа еркін стильде жүзген қазақстандық спортшы Зульфия Ғабидуллина алтын медальді жеңіп алды.
Ол 50 метр қашықтықты 42.87 секундта жүзіп өтіп, грециялық Александру Стаматопулуды және италиялық Патрисию Валлені артта қалдырды.
Сәрсенбі күні Қазақстанға күміс пен қола медальді Әнуар Ахметов пен Андрей Афанасьев алып берді. Олар 100 метр қашықтыққа брасс әдісімен жүзді. Қазақстандықтар Беларусь елінің спортшысы Владимир Изотовқа жол берді.