Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандық теннисші бейресми әлем чемпионатының финалына шықты

Қазақстандық теннисші бейресми әлем чемпионатының финалына шықты

Қазақстандық теннисші Достанбек Ташбулатов АҚШ-тың Флорида штатына қарасты Плантейшен қаласында өтіп жатқан Orange Bowl International Championships бейресми әлем чемпионатының финалына шықты.

Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясынан мәлім етті.
Қазақстандық спортшы жартылай финалда Польша спортшысы Даниель Михалскийден 6:3, 1:6, 6:4 есебімен басым түскен еді.
Ал финалда ол ресейлік Темофей Скатовты 7:6 (5), 6:7 (6), 7:5 есебімен ұтқан Француз теннисшісі Уго Гастонмен бас жүлде үшін бақ сынайтын болады.
Ол аталған турнир аяқталғаннан кейін ITF Juniors рейтингінде әлемнің үздік 50 теннісшісінің қатарына кіреді.
Аталған жайт теннисшінің Australian Open-2018 жасөспірімдер арасындағы негізгі сетте өнер көрсетуіне мүмкіндік береді.
11 желтоқсан 2017 ж. 1 414 0