Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» Хоккейден 2018 жылғы ӘЧ-да Қазақстан Германияны ұтты

Хоккейден 2018 жылғы ӘЧ-да Қазақстан Германияны ұтты

Қазақстанның хоккейден жастар құрамасы әлем чемпионатының бірінші ойынында Германия командасын жеңді.

Қазақстанның хоккейден жастар құрамасы 2018 жылғы Әлем чемпионатының бірінші дивизоны А тобындағы алғашқы ойынын Германия командасына қарсы өткізді.
Бірінші голды Германия құрамасының хоккейшісі Чарли Янке екінші периодта салды. Үшінші жиырмаминуттықта Самат Данияр екі гол салып, қазақстандықтар жеңіске шақ қалғанда, Леон Гаванке соңғы минуттарда гол соғып, ойынды овертаймға дейін ұзартты.
Овертаймда қазақстандықтардың мерейі үстем болды. Бүгін қазақстандық құрама Латвиямен кездеседі.
---
11 желтоқсан 2017 ж. 1 350 0