Паралимпиададан ӘЧ-дан жүлдемен оралған спортшыларды астаналықтар салтанатпен қарсы алды
Мексикада өткен паралимпиадалық жүзу мен пауэрлифтингтен әлем чемпионатының жүлдегерлері Қазақстанға оралды. Бұл туралы ұлттық штаттық құрамалар мен спорттық резерв дирекциясының баспасөз қызметі хабарлады.
Жанкүйерлері жеңімпаздарды Астана әуежайынан күтіп алды. Жарыс нәтижесінде қазақстандықтар 2 алтын, 3 күміс және 1 қола медаль еншіледі.Зульфия Габидуллина мен Наталья Звягинцева паралимпиадалық жүзуден бас жүлде, Роман Агалаков күміс медаль және Андрей Афансаьев қола медаль иеленді. Пауэрлифтингтен Ануар Ахметов күміс жүлдегері атанды.
Айта кетейік, Әлем чемпионаты 9 қарашада Мексикада өткен еді.