Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Астанада салмағы 6 келіге жақын қыз бала дүниеге келді

Астанада салмағы 6 келіге жақын қыз бала дүниеге келді

Жаңадан туған нәрестеге Жаннұр деген есім берілді. Ана мен бала денсаулық жағдайлары қалыпты әрі көңіл көншірліктей болғаннан кейін үйлеріне жіберілді.

Астанадағы №3 перинаталдық орталықта  салмағы 5 келі 400 грамм болатын қыз бала дүниеге келді.
«Салмағы 5 келі 400 грамм боларлық қыз бала  13 желтоқсан күні дүниеге келді. Анасы еш артық қиындықсыз босанды. Туғаннан кейінгі қалпына келу кезеңі де әдеттегідей жүрді. Қазір бала мен анасы үйлеріне жіберілді» ,- дейді  перзентхана дәрігері Эльмира Алимжан.
Басқармадағылар соңғы 20 жыл ішінде осындай салмақпен дүние есігін ашқан екі қыз бала болыпты. Жаннұр үшіншісі екен.
Біріншісі 5 келі 584 грамм салмақта 2003 жылы туыпты. Ал 2014 жылы 5 келі 750 грамм салмақта тағы бір қыз бюала туған екен.
Бұдан бөлек Астанада биыл салмағы 5 келі 500 грамм ұл бала туған.
20 желтоқсан 2017 ж. 2 570 0