Әнші Ренат Баситов нәрестелі болды

Сүйінші хабарды көпшілікке Ренаттың өзі жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz.
“Сүйінші Қазақ Елі! АЛЛАМ бұйырып қызды болдым! Сіздермен қуанышымды бөлісіп қуанып отырмын, аман болсын балапандарымыз”, – деп жазды Ренат инста-парақшасында.
Айта кетейік, Ренат Баситов Қайрат Нұртастың “Өкініш” атты фильмінде, сондай-ақ, “Соқыр Махаббат” кинокартинасында Сиви Махмудимен бірге басты рөлді сомдаған болатын.