Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» АРАЛДА ЕКІ БІРДЕЙ УЧАСКЕЛІК ПОЛИЦИЯ ПУНКТІ АШЫЛДЫ

АРАЛДА ЕКІ БІРДЕЙ УЧАСКЕЛІК ПОЛИЦИЯ ПУНКТІ АШЫЛДЫ

Еліміз үшін ең басты құндылық – адам өмірі болса, олардың қауіпсіздігін сақтау аса маңызды жұмыс.
Осы орайда, бүгін Арал қаласында екі бірдей учаскелік полиция пункіті ашылды. Жаңа нысанның ашылу салтанатына қатысқан аудан әкімі М.Оразбаев жиналған қауымды киелі Тәуелсіздік мерекесімен құттықтап, «Елбасымыз «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты халыққа жолдауында мемлекет тәртіпсіздікке мүлдем төзбеушілік қағидатымен жүруі тиіс екендігін, яғни Қазақстан Республикасының кез-келген азаматы аталған тәртіпсіздікке тосын қарамай, оларды болдырмау мақсатында шаралар қабылдауы қажет екендігін атап көрсетті.
Қандай жағдай болмасын, ел тыныштығын күзетіп, қоғамды қауіптен құтқару – полицейлерге жүктелген міндет. Осы бағытта тәртіп сақшыларына мемлекет тарпынан қолдау көрсетіліп, түрлі жабдықтармен қамтамасыз етуде»,- деп, Арал қаласында бұрын-соңды болмаған учаскелік полиция бекетінің салынуы соның айқын дәлелі екендігін атап өтті.
Одан әрі ортада ҚР Ішкі істер қызметінің құрметті ардагері Төребай Жүсіпбаев сөз алып, «Тәуелсіз елдің жарқын болашағы үшін жасалып жатқан әрбір қадам нұрлы болсын»- деген тілегін жолдады. Мұнан соң, көпшілік жаңа пункіттің лентасын қию рәсіміне куә болды.

---
19 желтоқсан 2017 ж. 2 486 0