Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » АУДАН АРДАГЕРЛЕРІ БІРҚАТАР ЖАҢА НЫСАНДАРМЕН ТАНЫСТЫ

АУДАН АРДАГЕРЛЕРІ БІРҚАТАР ЖАҢА НЫСАНДАРМЕН ТАНЫСТЫ

Бүгін аудан әкімі М.Оразбаев аудан ардагерлеріне жақында ашылған кәсіпкерлік нысандарды және жаңадан бой көтерген маңызды нысандарды таныстырды.
Ардагерлер қауымы алдымен Арал қаласындағы Жаңа ауыл беттен ашылған жеке кәсіпкер Б.Жандәулетовтың «Ер-Ай» сауда орталығында болды. Ақсақалдар кәсіп иесінің қуанышы ауданға ортақ екендігін айтысып, жұмысына сәттілік тіледі.
Мұнан соң, бір топ ардагерлер қауымы аудан орталығынан ашылған заманауи үлгідегі, жаңа «Жақсат и К»автобекетіне бас сұқты. Жаңа автобекет ғимаратымен танысқан ардагерлер таңданысын жасыра алмай, осындай игі іске мұрындық болған жеке кәсіпкерге және де аудан азаматтарына алғыстарын білдіріп, ақ батасын берді.
Одан әрі аудан басшысы жаңадан салынып жатқан «Рәміздер алаңының» құрылыс жұмыстарымен және таяу күндері пайдалануға берілетін жаңа өрт сөндіру депосымен таныстырды.
Осылайша, Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында аудандағы атқарылып жатқан ілкімді істермен таныс болған ардагерлер қауымы аудан әкіміне, ел азаматтарына ризашылықтарын жеткізіп, ізгі тілектерін айтты. Сондай-ақ, олар Арал қаласында ашылған учаскелік полиция пунктінің ашылу рәсіміне де куә болып қайтты.
Сая ЕРАЛИЕВА.
14 желтоқсан 2017 ж. 1 532 0