Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Мөлдір Әуелбекова жаңадан құрған қыздар тобын елге таныстырды

Мөлдір Әуелбекова жаңадан құрған қыздар тобын елге таныстырды

Жуырда ғана Мөлдір Әуелбекова кастинг жариялап, продюсерлікті қолға алғанын айтқан еді. Ол көп ұзамай ақылына көркі сай талантты қыздарды тапқанын жария етті. Алайда біраз уақыт бойы топқа ат таба алмай, әуре сарсаңға түскен Мөлдір күні кеше жаңа жобасын таныстырды, деп хабарлайды Stan.kz.

“Ал, таныс болыңыздар! Менің жобам “NAZAR” тобы! Ресми парақшамызға қосылып, ұсыныстарыңыз бен пікірлеріңізді білдіре отырсаңыздар! Сәттілік серігіміз болғай”, – деп бөлісті Мөлдір инста-парақшасында.
Тыңдармандар қыздардың көрікті де сымбатты екенін айтып, олардан мол үміт күтетіндерін айтып жатыр.
“Қыздарыңыз өзіңізге ұқсайды екен”, “Бірінен бірі өткен сұлу”, “Өзіңіз сияқты ибалы қыздар болады деп сенеміз, әйтпесе кей топтар қуып кетті”, – деп сенім білдірді желі оқырмандары.
20 желтоқсан 2017 ж. 2 895 0